Алматыда бұрынғы күйеуі өртеп жіберген әйел әділдік іздеп жүр

Индира Тергеубаева жалғыз адамдық пикетке шықты. Оның бұрынғы күйеуі - шетел азаматы. Айтуынша, Жоғарғы сот күйеуін депортациялау туралы үкім шығарған. Алайда бір жарым жыл бойы көші-қон полициясы оны Қазақстаннан шығармаған. «Солар дер кезінде депортация жасағанда мен мүгедек болмас едім, бұрынғы күйеуім өртемес пе еді. Тіпті көші-қон полициясы мамандарының ешбірі менен кешірім сұраған жоқ. Не түрмеге жабылсын немесе менің адам көргісіз болып қалған түрімді қалпына келтіріп, емімді алу үшін қаржылай көмек берсін. Менің денсаулығым қалпына келу үшін 45 млн теңге керек», - дейді ол. Индираның базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты. ▪️Алматыны дүр сілкіндірген оқиға 2021 жылы болды. Бұрынғы күйеуі Индира жалға алған дүкенді онымен бірге өртеп жіберген.
Back to Top