Клара Мамутова о статусе разработки профстандартов в туристской отрасли по направлениям: «Туризм» и «Гостиничное хозяйство».

Қазақстан Туризм қауымдастығы директорының орынбасары Клара Мамутова «Туризм және «Қонақ үй шаруашылығы» бағыттары бойынша туризм саласында кәсіптік стандарттарды дайындау барысы жайлы әңгімеледі. Оның айтуынша, қазір жұмыс тобы аясында кәсіптік стандарттарды талқылау жүріп жатыр, ары қарай кәсіптік стандарттарды Қазақстанның әртүрлі қалалары мен өңірлеріндегі Қауымдастық мүшелерінің, мамандардың кең тобының қарауына шығарып, «Атамекен» ҰКП, ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен мақұлдастыру жоспарланған. Стандарттар қазан айында дайындалып бітеді деп көзделіп отыр. Клара Мамутова туризм саласындағы кәсіптік стандарттар шетелдік стандарттардың негізінде 2010 жылдан бастап ендірілген, алайда тоғыз жыл ішінде оларды жаңалау қажет болып отыр деп атап өтті. «Біз қазіргі жоба аясында туризм және қонақ үй шаруашылығы саласында дайындалып жатқан кәсіптерді, жаңа кәсіптік стандарттарды анықтадық», - деп атап өтті сарапшы.
Back to Top