Биыл Түркістан облысында 300 мың шаршы метрден асатын 4400 пәтер пайдалануға беріледі. Соның 3000-ға жуыға тек Түркістан қаласын
Биыл Түркістан облысында 300 мың шаршы метрден асатын 4400 пәтер пайдалануға беріледі. Соның 3 мыңға жуыға тек Түркістан қаласының тұрғындарына салынуда. Қалғаны аймақтағы аудан- қалалардың еншісінде. Қазір облыстың жаңа орталығында тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы, осы пәтерлердің 2489-ы мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерсе, қалған 1888-і жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр.
Бұл үйлер рухани шаһардағы «Отырар» мөлтек ауданы мен «Түркістан - жаңа қала» тұрғын үй кешендерінің аумағында орналасқан. Түркістанның түлеуіне өз үлестерін қосып жатқан мекемелердің бірі - «Шымкент құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Өңірімізге белгілі бұл компания мұнда, 336 пәтерлі 6 үйдің құрылысын жүргізуде.
176 views
675
464
8 months ago 00:17:57 1
КЕРУЕН САРАЙ өнерпаздары керемет би шоуы. Танцевальное шоу от артистов KARAVAN SARAY.