Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,
Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,
Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
Паңданып өзіңді «данышпанмын» деп ойлама,
Иеңді шын қастерле, зұлымдыққа жолама,
Тұла бойың сергіп, сауығатын болар сонда.
Жаратқанды құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен,
Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен.
Сонда астыққа кенелер қамбаларың,
Ернеулеп толар шырынға ыдыстарың.
Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде
Онысын ешқашан менсінбей жүрме,
Ол сені жөнге келтіргенде
Лайым еңсең түсіп жүнжіме!
Иеміз Өзі сүйетін әркімді
Түзетеді әрі тәрбиелейді.
Әкесі сүйікті баласын даa
Жазалайды қажет болғанда.
#нақылсөздер #naqylsozder #даналық #danalyq #_danalyq #нақылсөздер3
181 view
928
264
6 months ago 02:14:34 1
Әсерлі әңгіме…..
6 months ago 00:08:13 1
Шіркін! Мұны ертерек білгенде Ғой! Шығыс Данышпандарының ӨМІР туралы керемет мағыналы Нақыл сөздері.
7 months ago 00:04:56 1
Гиппократ-Ауру мен Денсаулық жайлы Нақыл Сөздері.Медицина “Атасы“.Тыңдауға тиісті сөздері
8 months ago 00:09:26 1
Стивен Кови - Жасампаз адамдардың 7 дағдысы | Кітаптың қысқаша мазмұны | Кітап шолуы