Алла ма? Жоқ әлде Аллаһ па?

Алла ма? Жоқ әлде Аллаһ па? Бұл сұрақтың дұрыс жауабына жету үшін, алдымен араб тілінде ’’الله’’ сөзі ’’Алла’’ деп дыбыстала ма, әлде ’’Аллаһ’’ деп дыбыстала ма, соны анықтайық. Біз ’’Аллаһ’’ деп айтқанда, сөздің соңындағы ’’һ’’ әрпі ’’х’’ әрпіне өте ұқсас дыбысталады. Яғни, ’’Аллаһ’’ десек те, ’’Аллах’’ десек те, айырмашылық байқалмайды. Ал арабшада ’’ه’’ әрпі тамақтың ең төменінен шығады, әрі нүктелі ’’خ’’ әрпі сияқты тамақты қырмайды және нүктесіз ’’ح’’ әрпі сияқты жаңғырмайды. Ол әріп тамақта ешқандай кедергіге соқтықпай, ауа шыққандай таза шығады. Қазақтың ’’һ’’ әрпі арабшадағы ’’ه’’ әрпін білдіре алмайды. Себебі, біздегі ’’қаһарман, гауһар, жауһар’’ сөздерін дауыстап айтып көріңізші. Сосын ’’хат’’ деген сөздегі ’’х’’ әрпімен алмастырып, ’’қахарман, гаухар, жаухар’’ деп айтып көріңіз, айырмашылық өте аз, тіпті байқалмайды. Демек, біз ’’Аллаһ’’ десек, бұл сөз ’’الله’’ деп емес, ’’اللاخ’’ деп дыбысталады. Ал бұл дұрыс емес. Енді біреу айтуы мүмкін: Мен ’’Аллаһ’’ дегенді дәл арабшадағыдай дыбыстаймын,
Back to Top