Халық 42 500 теңгені екінші қайтара сәуірдің соңына дейін алады

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар 42 500 теңгені екінші рет сәуір айының соңына дейін алады. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі хабарлады. Нариман Мұқышевтың айтуынша, ол үшін қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Десе де, екінші төлем бәріне бірдей бұйырмайды. Атап айтқанда, 15 сәуірден кейін өтініш жібергендерге екі рет төленбейді. Бұдан бөлек, 20 сәуірден бастап елорда мен Алматыда бірқатар кәсіпорындардың кезең-кезеңмен іске қосылды. Осыған байланысты, кейбір азаматтардың табысы қайта қалпына келе бастағандықтан, оларға да екінші рет жәрдемақы аударылмайды. Мұндай жандар порталына кіріп, ол жерде жұмысына оралғанын хабарлап, төлемнен өздігінен бас тарта алады. Ал жалпы, кезекті жәрдемақыны аудармас бұрын министрлік әр азаматтың өтініші қайта жіті тексеретін болады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Back to Top