Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин басталғалы полицейлердің жұмысы қиындап, жүгі артқаны белгілі. Тәртіп сақшыларының талабын ести сала тіксініп, оларға қарсы шабуылдайтындар қарасы көбейді. Погондағыларды дұшпанындай көріп, өздеріне дүрсе қоя беретіндердің көбі жазаланып та үлгерді. Ал қауіпті қызметтегі жандардың ешбір демалыссыз, сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін жұмыс істеп жүргенін көпшілік ұмытқанға ұқсайды!
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан