COVID-19 жұқтыру бәсеңдемесе, қатаң карантинге қайта оралуымыз мүмкін
COVID-19 жұқпасының таралуы бәсеңдемейтін болса, қатаң карантин шараларына қайта оралуымыз мүмкін. Осы аптаның басты мәлімдемесі десек болады. Елдің бас санитары Айжан Есмағамбетова ханымның айтуынша, індет жұқтыру өсімі 2-5 пайызды құраған. Апта ішінде дертке шалдыққандардың 40 пайызы өздері жұқтырғандар санатында. Карантин шараларының жұмсартылуы індеттің жаңа қарқынмен белең алуына себеп болып отыр деп ақпарат құралдары да жарыса жазды. Жұрт төтенше жағдай кеткен соң арқаны кеңге салып, бұрнағы тіршілікке қайта ораламыз деп түсінсе керек. Бұл санитарлық дәрігерлердің ескертуіне түрткі болып отыр. Осы аптада мешіттер ашылып, сауда ойын сауық орталықтары мен қоғамдық көліктер де қатарға қосылды. Дегенмен, ендігісін ахуалдың ау-жайы көрсетеді.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
39 views
7
1
4 years ago 00:03:16 22
Мектептер онлайнға ауысуы мүмкін
4 years ago 00:03:05 30
Вирусты екінші рет жұқтырғандар бар
4 years ago 00:01:26 16
ШҚО-да індет жұқтыру ушыға түсті
4 years ago 00:04:06 123
Кезекші сынып оқушылары арасында коронавирус жұқтыру жиіледі