АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде әйелдің жасөспірім қызды еріксіз сүйреп көлікке мінгізбек болған сәті түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан байқалғандай қыз жалаң аяқ және ол жылап тұр. Болған жайтқа қатысты Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.