Босап шығуына бір күн қалғанда изолятордан қашып шығып, кейінірек қайта қамалған белсенді Дулат Ағаділ 26 қарашада таңертеңгі сағат шамасында бостандыққа шықты. Белсендінің Ақмола облысы Ақмол кентіндегі уақытша қамау орнынан шыққан сәтіне Азаттық тілшісі де куә болды. Ағаділдің айтуынша, ол өтеуі тиіс жазаның барлығын өтеп шыққан.
Өткен аптада белсендінің жақтастары оны 21 қарашада босатады деп уақытша қамау изоляторына қарсы алуға барған кезде қамау орны қызметкері Ағаділдің 18 қараша күнгі сот шешімі бойынша тағы бес күн қамауда болатынын айтып, босатпаған еді.
42 жастағы Дулат Ағаділ азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтардың сақталуын талап етіп жүрген белсенді ретінде танымал. Ол билікке наразылық акцияларына қатысқаны үшін бұған дейін бірнеше рет әкімшілік қамауда болған. Соңғы рет қарашаның 4-і күні Ақмол кентінде “сотқа апармақ болған полицияның заңды талабына бағынбаған“ деген айып тағылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамалған еді.
6,231 views
60
17
4 years ago 01:23:39 2.2K
ЖАНБОЛАТ АҒАДІЛДІ ЖЕРЛЕУ
4 years ago 00:00:28 1
Белсенді Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлын пышақтап кеткен
4 years ago 00:06:25 9.9K
“Елде әділдік болсын деп күресті“. Жұрт Дулат Ағаділді еске алды
5 years ago 00:02:47 7.3K
Ағаділдің жақындары мәйітті видеоға түсіргендердің үстінен арызданды
5 years ago 00:14:55 1
Куәгер “Ағаділдің денесі көгергенін“ айтады, туысы жоққа шығарады
5 years ago 00:05:41 1
Халық: Сағынтаев пен прокурор шық!
5 years ago 00:39:25 1
Ағаділ қазасына байланысты алматылықтар наразылығы / Акция в Алматы после смерти Дулата Агадила
5 years ago 00:02:30 4.8K
Дулат Ағаділдің қазасынан соң бірнеше қалада азаматтар жиналды
5 years ago 00:01:08 6.2K
Белсенді Дулат Ағаділ босап шықты
8 years ago 00:01:38 13
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың ректоры М.Сарыбеков “Нұр Отан“ партиясының “Белсенді қызметі үшін“ омырау белгісімен марапатталды