Жапандағы жалғыз үй. Қариялар қаңырап қалған ауылдан көшпей отыр.
Борис Петренко мен Валентина Курчаева тұрып жатқан үй – Мамлют ауданы Белое ауылдық округіне қарасты Прогресс ауылында қалған жалғыз түтін. Он жыл бұрын Прогресс отыз мың тұрғыны бар тіршілігі қайнап жататын ауыл еді. Соңғы жылдары бұл елдімекенде бес-алты үй қалған. 2000 жылы ауылда мектеп пен аурухана жабылған. Ал 2018 жылы Қазақстан билігі “болашағы жоқ“ ауылды таратқан.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 649 ауылдың 111-інде халық саны елуге жетпейді. 2018 жылы облысқа келген сол кездегі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова аймақта тұрғындар саны он адамнан аспайтын 38 ауыл таратылатынын айтқан.
“Тұрғын саны неғұрлым көп болса, жұмыс орны да көбейеді. Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті дамытуға негіз болады“ деген сол кезде Әбілқасымова.
2013 жылы Қазақстан билігі ресурстарды тиімді жұмсау және қаржыны тек болашағы бар ауылдар мен аудан орталықтарына бөлу туралы шешім қабылдаған. Нұр-Сұлтан “болашағы бар“ және “жағдайын түзеуге болатын ауылдарға“ ғана мектеп, аурухана, балабақша
5,826 views
65
26
5 years ago 00:01:58 6K
Жапандағы жалғыз үй. Қариялар қаңырап қалған ауылдан көшпей отыр.