Шымкент шаһардан, Сұлтан шаһарға, пойызбенен кеттің қалай әкім?!!! Аптадағы әлеумжелінің тренді осы болды. Оңтүстіктің бас қаласына басшы болған Мұрат Әйтеновты әлдекімдер пойызда жұмыс істеп отырған жерінен суретке түсіріп алыпты мыс. Арзан һәм ескі пиар деп есіркеп жатқандар да болды. Дәл осындай суретті Бақ ньюс порталы жариялады. Басы бәлеге қалған Бақауовты алмастырған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та елордаға пойызбен жетуді құп көріпті.
Айтпағымыз әкімдердің жүріс-тұрысы емес, оларды пойызға әкеп мінгізген табиғаттың дүлей мінезі. Аптада алаш елін ақ қар көк мұз жапты. Шығыстан басталған ақ боран Арқаны жауып, түстіктегі біраз жерді сипап жалай өтіп, Ақтөбе арқылы батыстан бірақ шықты. Магистральдар жабылып, жолға шыққан жұрттың табиғи стихиядан жәбір көргені рас. Тіпті адам шығыны да бар. Жүздеген техника жабылып қар күрегенімен дүлей дауыл есе жібермеді. Басқасын қайдам бас қаламыз Нұр-Сұлтан да қар құрсауында қалды.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан