“Q Agency“ деген не?

Қазіргі 21-ші ғасыр – музыкалық стриминг платформалардың дәуірі. Бұрынғыдай орындаушы әнін жазып әлеуметтік желіге салу – өзекті емес. Егер орындаушының әндері Apple Music, BOOM, Яндекс.Музыка және т.б. әлемдің музыкалық алаңдарда болмаса, онда ол орындаушыны жоқ деп есептесе болады. Қазір көптеген қазақтың талантты жастары өз шығармашылығын тыңдарманға дұрыс жеткізе алмай жүр. Сол себепті біз осы «Q Agency» дистрибуциялық лейблін аштық. Лейблдің негізін қалаушы, кезінде әйгілі «ASH ҚАZАҚ PRO» лейблінің негізін қалаған Алкеев «ШYNGYS» Шыңғыс. Лейбл дистрибуция үшін ақы сұрамайды. Әндеріңізді qagencykz@ поштасына немесе паблик менеджеріне жеке хат ретінде жіберіңіз. Әніңіз немесе альбомыңызды дистрибуциялау үшін бірінші “Релиз талаптары“ бөлімімен танысып алуыңызды сұраймыз.
Back to Top