Қазақ тілін білу - қазақстандықтардың міндеті! | Шенеуніктерге жыным келеді | Ресейдің шабуылы
#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс
♦️Спикерлер:
🔹Яков Фёдоров - Қазнеттің басты қаңғыбас блогері.
🔹Марина Сахарова - “Евразия“ телеарнасының дикторы.
🔹Алексей Лодочников - “Елбасы Академиясының“ қызметкері.
“Қазақстанда орыс тіліне қысым артты, орыс тілділерді қорғау керек!“ Қазір Ресейдің ақпарат құралдары мен аузым бар деп сөйлей беретін саясаткерлері осылай ұрандатып жатыр. Соңғы күндері мұндай ұрандар тіпті көбейді. Қазақстан Ресейге қосылсын деп шуылдап жүрген шибөрілерде бар көрші елде. Бұл өте қауіпті!
Мұндай саяси ойыннан от шығуы бек мүмкін! Қазақтар қарсы сөз айтса “бұлар ұлтшылдар“ деп шыға келетіндері анық, іріткі салушылардың. Сондықтан бүгін Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдерін шақырдық, “орыс тіліне қысым бар ма? Ресейдің ақпарат құралдары не деп оттап отыр?“ деп сұрадық. Жауаптар сойқан. Айтпақшы, Алексей домбырамен 2 ән орындады!
Сүйінші жаңалық, Мәжіліс Заң қабылдады. Енді, маңдайшалардағы жазулар мен жарнамалар, географиялық нысандардың, елді-мекендердің аттары, мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері, ас мәзірлері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың нұсқаулықтары толықтай қазақ тілінде жазылуы тиіс. Қажет болған жағдайда ғана орыс тілінде тәржімаланады. Мұның өзін Ресейдің ақпарат құралдары “орыс тілін шектеу, орыс тілділерге қысым“ деп шулатып жатыр.
Қазақстандық шенеуніктер неге Ресейдің арандату әрекетіне қарсы сөз айтпайды? Шенеуніктер неге қазақша сөйлемейді? Облыстардағы тілдерді дамыту орталықтары неге өтірік есеп береді? Балаларға неге қазақ тілін үйрететін контент жасалмайды? Қуат Ахметов, “Үңгірлік ұлтшылдық“, Жолдаудағы Президент сөзі... Талданған тақырып атан түйеге жүк болады. Өтініш көріңіз, таратыңыз! ҚАЗАҚ тілін білу МІНДЕТ!
Қазір Қазақстанда қазақ тілін дамыту үшін, қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерін біріктіру үшін «Менің елім – менің тілім» қоғамдық қозғалысы құрылды.
Инстаграм:
Фейсбук:
Нартай Аралбайұлының медиа мектебі:
1 view
16
2
2 months ago 01:25:52 1
Коңыраулы Қала - 🧞 Тизерлері бар эпизодтар. Үлкен жинақ 🇰🇿
2 months ago 00:06:27 1
ҚАЗАҚ ТІЛІН МАЗАҚ ЕТКЕН ЧЕРЧЕСОВ
4 months ago 00:02:21 1
Арыстанғани Заппаров: мемлекеттік тілді ардақтайтын,жақсы көретін әріптестерімізді мақтан тұтамыз