Қиялдағы ару

Қиялдағы ару! Әнші, биші, Һәм актриса шамасы, Жүрген жері киелі өнер саласы! Қиялдағы аруыма ғашық боп, Жүрген жан мен Индердің бір баласы! Желкенін ұстап, киелі орта өнердің, Пұшпағында сол өнердің көгергін! Қиялдағы аруым-ау қиында, Қиялымда қолтығымнан демедің! Аққұба қыз, ақсары шашты аруым, Арман болды-ау кезігіп бір қалуым! Өмірімде кезікпесем өзіңмен, Қажет болды-ау қиялыма саяхаттап баруым! Ақылды ару, құп көрмейтін қаланы, Тәрбиелі, топтап туар баланы! Ата-анам да, риза болар шіркін-ай, Шәй құйғанда саусақтарың салалы! Қиялымда сан-сақ ойлар құралған, Әнші, бәлкім, биші шығар бұралған? “Абыройлы” болса жарым болашақ, Абыройсыз ару қызбен мен де бірге бола алман! Қиялдасам кеудеме сан жыр келер, Аруымды кезіктірер күн келер! Мамандығы маңызды емес бірақ та, Бір бойынан табылса тек мың өнер! Қиялимын қиялмен өмір сүретін, Қиялыма сақтап ару суретін! Аруым-ау болғайсың сен мәңгілік, Өмірде жар, өнердегі дуэтім!#ҰЛЫҚБЕК_БЕРІШ #АТЫРАУ #ИНДЕР #ЖАРСУАТ
Back to Top