ҚҰДАЙ қаласа да, қаламаса да ұйықтаймын!

«ҚҰДАЙ қаласа да, қаламаса да ұйықтаймын» Қазақстан ұлттық арнасында әр сенбі сайын «Дара жол» деген бағдарлама көрсетіледі. Сол бағдарламаның кезекті саны қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметовтың дара жолын еске түсірді. Сонда өмірінде орын алған мына бір оқиғаны өзі айтып берді: «Ақтөбеден елге (оңтүстікке) ауысып келген кезім. Он совхозды құрамына алған ауыл шаруашылығы басқармасының құрылыс бөлімін басқардым. Шаруаның көптігінен шаршап, облысқа есеп беріп үйге келгеннен кейін анама: - «Апа, мені таңертең оятпай-ақ қойыңыздаршы. Түске дейін ұйықтайын»- дедім. Сонда анам: - «Құдай қаласа»- деді. Енді мен ол кезде “Құдай жоқ“ деген заманда өскен баламын, анама қарап: - «Құдайыңызға сәлем айтыңыз. Құдай қаласа да, қаламаса да ұйықтаймын»- дедім. Сонда анам жанұшыра: - «Уа, Жаратқан! Жіберетінің болса маған жібер. Баланы тусаң да мінезін тумайсың. Айтып тұрған сөзін қара!» - деді. Сонымен ұйықтап қалдым. Сол кезде әйелім қазір дәрігер боп істейтін қызыма екіқабат кезі. Айы-күні жақындап тұрған. Түнгі үшт
Back to Top