Жаңа президент ұлықталды

Бүгін Қазақстанның жаңа сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Ресми түрде қызметіне кіріскен мемлекет басшысы мәлімдеме жасап, халықты толғандырған өзекті мәселелерді атап өтті. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында 10 бағыт бойынша алда тұрған міндеттерге тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев көп кешікпей Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізбек. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top