Қытайда қазақ қызы көз жұмды

Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан Сандира Серікханованың өлімі жазатайым оқиға салдарынан болған. Ешқандай кісі өлтіру күдігі анықталмаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдай егжей-тегжейіне дейін тексеріліпті. Ал, арнамызға сұқбат берген марқұмның анасының ойынша Сандира қасақана өлтірілген болуы мүмкін. Себебі, Чанчжоу қаласында білім алып жатқан қазақстандық қызға бар бәле оған бірнеше күн бойы инстаграмға хат жазып, кездесуге шақырып жүрген жігіттерден келуі ғажап емес. Оның үстіне, Сандира жақында мінезі өзіне мүлдем ұқсамайтын қызбен танысып, достасқан көрінеді. Өлімге жігіттер кінәлі ме? Әлде қыздың қатысы бар ма? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top