Әнел мен Мәрлен жуырда ғана Ернар Айдардың “Күнім, сен сөнбеші“ әнінің бейнебаянына түсті.
Еске саламыз:
NurKz: Өлімді жеңген құлсарылық ғашықтардың хикаясы көпшілікті тәнті етті
Ауыр науқасқа шалдығып, бірнеше жыл ауруханадан шықпаған құлсарылық 23 жастағы Әнел Мұратова мен оның сүйіктісі 22 жастағы жас жігіт Мәрлен Нұргасеновтың таңғажайып махаббат хикаясы көпшілікті жылатып та, қуантып та үлгерді. Ғашықтардың хикаясын өз ауыздарынан Ақ Жайық сайтының тілшілері біліп келген.
“Достығымыз 16 жастан басталды. Ресми түрде ұсыныс жасау сияқты нәрселер болған жоқ, бәрі аяқ астынан болды. Басында телефонмен, интернет арқылы сөйлесіп жүрдік. Кейін ол 9-сыныпты бітіріп, Ақтөбеге колледжге оқуға түсті, ал мен мектепте оқып жүрдім. Сол кезде мен қатты ауырдым“, - дейді Әнел.
Өкпесіне суық тиген бойжеткен сүйіктісіне өзінің ауруы туралы ештеңе айтпаған.
“Мен Қарағандыға операцияға кетіп бара жатқанымда бір күн бұрын оған телефонмен жағдайымды айттым. Ол неге екені белгісіз, қашан, қай пойызбен шығатынымды сұр