аллах

Мұны естіген куәгерлер құстың «Алла» деп сөйлеп тұрған сәтін ұялы телефонға түсіріп алған. Оқиға Шаған ауылында болған. Бектұровтар отбасының кенжесі қарғаның қарқылдағанын емес, адамша сөйлегенін естіген соң, ата-анасына хабарлайды. Олар тосын құбылысты ұялы телефонға түсіріп алыпты. Қарға бірнеше мәрте Алла деп айтқан соң, ұшып кеткен. «Атамыз молда болған, біз ол кісінің жолын қумаған едік. Бұл бір белгі шығар» деп жорамалдайды оқиға куәгерлері.
Back to Top