Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...
224 views
1536
522
6 months ago 00:02:21 1
NESINE ASYGADY?! (cover) / IZBASAR KENESOV
6 months ago 00:03:29 1
“Көктем келді“ орындаған “Жеңеше-Ай“ триосы, сөзі М. Мақатаев, әні Қ. Сатиев
8 months ago 00:07:58 1
Мұқағали Мақатаевтың мұрағатта сақталған үнтаспасы
11 months ago 00:04:11 1
Жұлдыздар тобы – «Наурыз-думан»
1 year ago 00:03:22 10
Ерболат Құдайбергенов - Мен қазақпын
1 year ago 00:41:32 3
Дәуір даналары. Мұқағали Мақатаев
1 year ago 00:02:27 1
“МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН…” МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 93 ЖЫЛ