Видео от Sarkulklub Sarkulklub

28 қазан күні Республика күніне орай Саркөл ауылдық клубында мекемелер арасында ұйымдастырылған “Екі жұлдыз” дүлділер додасы байқауы өткізілді. Байқау 2 кезеңнен тұрды: 1.Патриоттық әндер 2.Еркін тақырыпта ән шырқау. Байқауға әділ бағасын беруге әділ қазылар мүшесіне Мәдениет саласының қайраткері, зейнеткер Құбашова Ардақ Мұғалқызы, Кеңқияқ музыка мектебінің директоры Бегимов Асылжан, “Той маркет” той ұйымдастыру орталығының басшысы, жеке кәсіпкер Усенгалиева Гаухар Амантурлыевна, “Құндыз гүлдер” гүл дүкенінің басшысы жеке кәсіпкер Ботатова Құндыз Жанатқызы бір қатар тұлғалар отырып, әділ шешім шығарып, екі жұлдызды анықтады. Байқауға Сарыкөл ЖОББМ, Шұбарши МББ, Шұбарши ЖОББМ, Кеңқияқ ЖОББМ, ”Баракат” дәмханасы сынды мекемелер қатысып өнерлерін көрсетті. Байқау жеңімпаздары “Баракат” дәмханасы бас жүлде иеленді. Байқауға қатысқан мекемелерге бағалы сыйлықтар табысталды. Барлық қатысқан мекемелерге және мекеме басшылығына алғысымыз шексіз! Шарамызға демеушілік көрсеткен “Той маркет” той ұйымдастыру орталығының басшысы жеке кәсіпкер Усенгалиева Гаухар Амантурлыевнаға @toymarket_shubarshi және “Құндыз гүлдер” гүл дүкенің басшысы жеке кәсіпкер Ботатова Құндыз Жанатқызына @kundyzgulder04 үлкен алғыс айтамыз.
Back to Top