Nur-aga

Отыз жыл елге пана болған тұлға Кетті де абыройы зор қалпында Босағамды бекіткен Нұр ағам деп Көңілі босаған ел қалды артында Жетеле деп биікке халқыңды әрі Қимайды оны қалың ел артындағы Құлаш жайған қазақтың бәйтерегін Өз қолымен өсірген нартұлғаны Бұндай мұңды болып еді наурызым қай? Көңілі еріп көктемнің қар-мұзындай Еркелігі елдің де сап тиылды Әкесінен көз жазған жалғыз ұлдай Жүректегі иманын растап беріп, Имамдармен жүздесті мақсат көріп. Елбасы өз қызметін аяқтады Алла үйін салуды бастап беріп Елбасы ісін жасап үздік ердің Дәлелдеді жолымен ізгілердің Бір Алладан басқаға құл болмайтын Мұсылман ел екенін біздің елдің Көшін сүйреп қазақтың жол бастаған Артық туған жан еді ол басқадан Өз қазағын аялап қаншама жыл Қанаттыға қақтырмай қорғаштаған Жеткізген қазақ қолын дара баққа Осылай тұтас дәуір қалады артта Аяғына тұрғызған мемлекетті Ерің кетсе, қазағым, шара жоқ па? Ел болайық қиянат жасап алмай Елбасымыз қалдырған аманатқа. Сырым Әуезхан
Back to Top