Ата-аны сыйлау керек

 Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке - шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи былай деген: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі. Дене мүшемен атқарылатын он ақысы:  1.Оларға қызмет етіп, разылығын алу. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады». «Дінге сай қызметтерімен ата-анасын қуантқан адам, Алла тағаланы қуантқан болады. Ал, оларды ашуландырған адам Алла тағаланы ашуландырған болады». Хазреті Хасан Басри Қағбаны тауаф етіп жүріп, жүк арқалаған бір кісіні көріп: – Не үшін
Back to Top