“Киелі топырақ“ әні: Б. Сәуекенов. сөзі: Б. Молдашев.
Осы ән ел арасында “Торғайдың атырабы“ деген атпен айтылып жүр. әннің аты “Киелі топырақ“ деп аталады. Бұл әннің авторы Бақытжан Сәуекенов. сөзін Болат Молдашев ағамыз жазған екен. сөзін өңдеген Орекен Алматов ағамыз болса керек. Бұл ән 1991 жылы Ахаң мен Жахаңның мерей тойларының қарсаңында шықса керек. әннің иесі Бақытжан ағамыздың айтуынша кейінгі орындаушылардың айтып жүрген нұсқасында әннің бір - екі жерлерінде қателік бар дейді. сондықтан әнді әлеуметті желіге салуға Бақытжан ағамыз өзі рұқсатын берді.