video_2018-03-30_09-09-59

Балалар аутизмі – психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды. Қазіргі уақытта әлемде аутистік ауытулары бар балалар саны күрт артып барады. Сондықтан, бұл сырқатпен күресу шарасын әлем болып қолдап отыр. 2 сәуір күні Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні болып бекітілген. Біздің елімізде де осы мәселе төңірегінде АКЦИЯ ұйымдастырылмақ. Бізде қолдау білдіріп, аутизм туралы толық ақпарат алуға шақырамын! Барлығымыз қолдау білдірейік ДОСТАР!!! Достарыңызбен ақпаратты бөлісе отырыңыз! Іс-шара Астана қаласында ұйымдастырылады.
Back to Top