Астана мен Шымкенттің арасы жақындай түсті. Енді елордадан Шым қалаға «Тальго» вагондарынан құрылған жедел пойыз жүретін болды. Екі ірі қаланы тікелей байланыстыратын алғашқы пойызы кеше түнде алғашқы сапарына шықты.
Жайлылық пен жылдамдық. «Тальго» вагондарынан құрылған пойыздардың қысқаша сипаттамасы осындай. Әрбір купесі заманауи жабдықтармен қамтылған. Тіпті жол үстінде интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған вагондар енді Астана мен Шымкент бағытында қатынайды.