2 жасар қыз 8 ай бойы ұйқыда жатыр

Қарағандыда екі жастағы қыз аяқ асты ұйықтап кетіп, сол күйі ояна алмай жатыр. 8 айдан астам уақыт есін жимаған Аяулым аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Осыған қарамастан, ол ауырсынуды, қолдың тигенін сезеді, тістері шығып, салмақ қосуда. Бұл жағдайды дәрігерлер де түсінбей отыр. Медицина қызметкерлері түрлі зерттеулер өткізіпті. Алайда бүлдіршінге әлі нақты диагноз қоя алмаған. Сонда бұл қандай дерт? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top