Жігіттерге... Міржақып Дулатұлы

Көрген мен көрмегенде көп парық бар, Болмайды жігіт жақсы сыннан өтпей. Үлкенге, кішіге де ілтипат қыл, Жатырқап еш адамды сыртқа теппей. Ғибрат ал жақсылықтан жақын жүріп, Аулақ қаш жамандықтан сырттан шеттей. Орынсыз батырлыққа арандама, Әр істің мазмұнына көзің жетпей. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Адамға бірлік керек болса жолдас. Бірінің айтқанына бірі көнбей, Істеген бәтуасіз ісің оңбас. Алыс пен жақын ойлы болмас жолдас, Қас қылған жолдасына жігіт оңбас.
Back to Top