#АвгустРаш

«Август Раш» драмасы Қызуқанды гитаршы жігіт пен америкалық ауқатты отбасынан шыққан виолончелде шебер ойнайтын бойжеткен бір-бірін ұнатып қалады. Алайда, бұл жұпқа қарсы болған қыздың әкесі аяғы ауыр қызын алып кетеді. Сәби дүниеге келгенде қызына «өлді» деп, жетімдер үйіне өткізіп жібереді. Әлемді өнеріне тәнті еткен дарынды ұл Август Раш осылайша жетімдер үйінде өседі. Ата-ананың бойындағы талант балаға да беріліп, музыкаға жақын болады. Сол ерекше қабілетінің арқасында Август әке-шешесін табады... Бүгін 23:35-те Ұлттық арнадан көріңіз. #АвгустРаш #ҰлттықАрна #ФреддиХаймор #РобинУильямс #КериРассел #ДжонатанРизМайерс
Back to Top