Сәтпаев қаласының тумасы Сәттібек қарапайым, көпбалалы отбасында дүниеге келді. Моноқаланың мұңын желеу етіп, жеңіл ақша табудың жолын іздеген ол «экстремизм» вирусын оңай жұқтырды. Некелі жарымен ажырасып, ата-анасынан безді. Шам жеріне аттанып, содырлар сапын толықтырды.