ҚАЗАҒЫМНЫҢ КИЕСІ – ҚАЗЫҒҰРТЫМ
Сөзі: Ергөбеков Құралбектікі. 1995 жыл. Мамыр.
Әні: Бұхарбаев Өміртайдікі. 1995 жыл. Тамыз.
Кереметті Қазығұрт,
Қызыр қонған төбесі-ай.
Қайырлаған әуелде
Нұһ пайғамбар кемесі-ай.
Қайырмасы:
Қазағымның киесі –
Қазығұртым, сен едің.
Бүкіл түркі халқының
Ата жұрты мекенім.
Қасиетті Қазығұрт,
Әулиелер атасы.
Қабыл болған бақ қарап
Нұһ пайғамбар батасы.
Қайырмасы:
Он сегіз мың ғаламды
Сақтап қалған кеме екен.
Құттың алтын қазығы –
Қазығұртым, сенде екен.
Сезімімді тербеді,
Даңқы шыққан атағың.
Киесі бар өзіңде
Жеті әулие атаның.
Қайырмасы:
Өркешіндей түйенің,
Қазығұртым – киелім.
Бір перзенті қазақтың
Мен басымды иемін.