АЛЛАҒА ҒАНА МӘЛІМ 5 НӘРСЕ
Шексіз Білім Иесіне ғана аян көп нәрсе бар, бірақ олардың арасынан аяттағы 5 нәрсе ерешеленеді:
1. Қияметтің (ақырзаманның) қашан болатыны туралы мәліметті Алладан басқа ешкім білмейді;
2. Аспаннан қанша тамшы жаңбыр жауғанын, болашақта қашан және қанша жауатынын тек Ол ғана біледі;
3. Жүкті әйелдің жатырында не болып жатқанын Жаратушы ғана біледі;
4. Әр адамды ертең не күтіп тұрғанын және болашағы қалай боларын Алладан өзге ешкім білмейді;
5. Адам өмірінің қай жерде, қашан және қалай тоқтайтынын да Алла ғана біледі.
Бұл туралы Алла Құранда:
«Ақиқатында Қиямет күнінің білімі – Аллада. Ол жаңбыр жаудырады және жатырдағыларды біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында, Алла – бәрін Білуші (Алим), бәрінен Хабардар (Хабир)», - деген. («Лұқман» сүресі, 34-аят)
Алла – шексіз құдірет иесі, Білуші, Жаратушы. Ол бәрін біледі және Ол білмейтін нәрсе жоқ. Адамның басынан не өткенін және болашақта не боларын тек Ол ғана біледі. Әрбір ад