Video by Altynbek Zhaksylykov

Мына көрініс періштелердің бұл дүниеде бар екенін айғақтайтындай.. Періштелер нұрдан жаратылған, сондықтан олардың жаратылыстарында нұр басты рөл ойнайды. Періште ұғымы («мәләийка» сөзі) «пайғамбарлық, елшілік, өкілдік, ұлы істердің қалаушысы» және «заңғар биіктіктен түсу» деген мағыналарды білдіреді. Діни терминологияда «періште» сөзі («мәләк») макро әлем мен микро әлем арасында байланыс құратын, елшілік қызмет атқаратын, хабар жеткізетін, жақсылыққа итермелейтін ниетті ізгілікке бұратын өте киелі елшілер тобына айтылады. Олар ғайып әлемге құлақ асады әрі көбіне сол әлемнің қызметінде жүреді, екі дүниеде де жүріп жатқан Аллаһ тағаланың құдіретті істерін ұлықтайды. Періштелер тек «Әмір» әлемінің өкілдері ғана емес, олардың денесі де нұрдан тұрады. Тым нәзіктігімен, нұрлы шұғыласымен ерекшеленеді. Сондықтан олардың жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, бір нәрсенің ішіне елеусіз кіріп-шығу қабілеті де өте жылдам әрі айрықша жаратылған. Адамның көз қарашығына орналасып, оны жақсылыққа қаратып, әдемі нәрселерге көңіл
Back to Top