Жайығым құтты мекенім
Видеороликтер келген, парақшама сақтауды жөн көрдім.
Бұл шараны Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зайлим Мажитова 2022 жылы жоспарлаған болатын. 2023 жылы аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы Саркулов жоспарланған шараны қолдау көрсетуге дайынмын деген еді. Мың алғыс! Аппақ ниеттер мен Алланың қалауы туған жерде 2024 жылы 13 ақпан күні халықпен қауыштырды.
Осыдан 20 жыл бұрын «Сағыныш боп қаласың» атты шығармашылық концертім туған жерім- Әжібай ауылында өтіп еді. Ол күндер расымен сағыныш боп қалды…
Араға 20 жыл салып, аудан орталығына
жоспарланыпты. Көрерменге ұнапты.
…Мен Казталовқа жеткенде ауа райы көктем боп тұрған. Өнерпаздар шығар сәтте қала ішінде көк тайғақ болып, ауа райы күрт өзгеріп кетіпті. Трассаның ашылуын 6 сағат күтіп, трассаны ашқан соң 4 сағат жол жүріп Казталовқа аман-есен жеткен кәсіби өнер иелеріне, туған жерімде аудандық мәдениет үйінің көрермендер залында қабақ шытпай әншілерді тапжылмай төрт сағат күткен ауылдастарыма қарапайымдылық пен сабырлылықтың үлгісін көрсеткендері үшін басымды иіп рахмет айттым! Сіздерге Алладан болсын сый-құрмет.
Шын ниеттер мен тілеулестердің дұғасымен бәрі ойдағыдай болып, шара бір демде өте шықты. Ризашылығымды білдірдім. Концерттің бірінші блогі аяқталған сәтте екінші блогі ешқандай үзіліссіз жалғаса берген сәтке қайран қалдым, жоспарласа осылай шығар ма еді деген ой келді.
Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иегері Сердеш Қажмұратов, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлбаршын Қасиетова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Баян Кабиева және тағы да басқа шақырулы қонақтар қатысты. Ауылдың үлкендері келіп, ерекше әсерге бөледі
Қолдау білдірген аудан тұрғындарына, ауылым Әжібайыма, Бостандық ауылына арнайы рахмет. Басқарма басшысы Сайран Темірғалиұлы қолдау танытты.
Концерттен соң аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімнің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО департаментінің алғыс хатын табыстады.
Кеште сондай-ақ, Бірік және Алма Оразбаева атындағы жалпы орта мектебі ұжымының Алғыс хаттары табысталды.
Құшақ толы гүлдер, мәртебемді өсірді.
Елден зор қошеметке бөленіп оралдым.
Зейнет жасына шығар уақыт жақындаған сәтте елдің алғысын алу бақытын бұйыртқан Аллаға сансыз шүкір етемін.
Барша жанашырларыма рахмет! Алла разы болсын! Сіздерді Алла қолдасын. 🙏