Саяси қуғын-сүргін һәм ашаршылық кезіндегі (1928-38) жылдардағы ел тағдыры мына зарлы толғауда жырланған.
Жырда баяндалатын оқиғалардың шынайылығы, аяныштылығы, ауыртпалығы себепті ел «Көкмойнақтың үйірі» жырының екінші атауын «Адай тағдыры» деп кеткен. Саяси қуғын-сүргін һәм ашаршылық кезіндегі 1928-38 жылдардағы ел тағдыры зарлы толғауды жырмен естіртеді.
1990 жылдары Ел аузынан жазып алған – ақын Есенғали Раушанов.
Ақын Светқали Нұржанның айтуы бойынша: Балықшы - Ізбан батыр Масақбайұлының жыры екен.
Жырды орындаған: – Елдос ЕМІЛ