Төреғали Төреәлі - Шаруам жоқ

Төреғали Төреәлі - Шаруам жоқ; Момын бар елде, Асаулар бар, Мықтыларда бар, Осалдар бар. Қол-Аяғымның қожайынымын, Басқада менің не шаруам бар?! Таң қалма жүйрік шабыдан қалса, Озады шабып бағы бар болса. Адамның басы АЛЛАның добы, Басқада менің шаруам қанша. [Қайырмасы] Жорғалатқанмен жауын алдында, Нəпсіні жеңген палуан жоқ. Нəпсісін жеңген палуанның да, Шаруасында шаруам жоқ. Қаралап мені қара баспа, Сырымды сыртқа ала қашпа. Жақсы күндердің арасын бөліп, Шаруаларыма араласпа. Адам жолдасым , АЛЛАМ қолдасын, Сөздерім інжу-маржан қорғасын. Өзіме-өзім беремін жауап, Сеніңде менде шаруаң болмасын! [Қайырмасы] Жорғалатқанмен жауын алдында, Нəпсіні жеңген палуан жоқ. Нəпсісін жеңген палуанның да, Шаруасында шаруам жоқ. Не шаруаң бар? Шаруам жоқ!... Жүктеу:
Back to Top