Қазақстан бүкіл әлемге масқара болғаны туралы

Каналға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi Үш апта бұрын Қазақстан билігі “сынақтан сәтті өтті“ деп, Астана халқын әлеуметтік желілерге кіргіздірмей қойған, қауіпсіздік сертификаты тағы да әлемдік баспасөздің басты жаңалығына айналды. Оның себебі Apple, Google, Microsoft және Mozilla Қазақстан билігі орнатуды талап етіп отырған «қауіпсіздік сертификатын» бұғаттау үшін бірікті. Одан басқа, Тоқаевтың жаңа заңдарға қол қойғаны туралы жаңалық шықты - енді қазақстандық шенеуніктердің шетелдік банктерде есепшоттары болуына тыйым салынды. Бір жағынан дұрыс заң сияқты, бірақ егжей тегжейіне үңілсек, жемқорлықпен күресу емес, көзбояушықтың жаңа әдісі.
Back to Top