Алматы облысында рухымызды жаңғыртатын кинотуынды түсіріліп жатыр

Алматы облысында рухымызды жаңғыртатын кинотуынды түсіріліп жатыр Панфилов ауданында Орбұлақ шайқасы туралы тарихи телехикаяның түсіру жұмыстары басталды. Сегіз бөлімнен тұратын кинотуынды биылғы күзде «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарлануда. Актер құрамы елдің барлық өңірінен таңдалып алынды. Телехикая ешқандай дубляжсыз, қазақ тілінде түсіріліп жатыр. Сценарийдің авторы - талдықорғандық жас драматург Қолғанат Мұрат.
Back to Top