.

Алматы облысының тумасы, Франция медицина ғылымының докторы, Жоғары дәрігерлер Одағының кеңесшісі, дәрігер-гериатр, Франциядағы Ренн метрополі, Сан-Жиль мәслихатының жаңадан сайланған депутаты Төребаева Жанар Әскербекқызы Алматы облысы Шелек ауылындағы Абай атындағы қазақ орта мектебінің үздік түлегі. Дәл қазір Францияның Ренн қаласында коронавирус дертіне шалдыққандарды емдеп жүрген гериатр дәрігер. Гериатрия – қарт адамдарды емдейтін маман. Күллі әлемді тітіренткен Covid-19 індеті, әсіресе қарттарға ауыр тиіп отыр. Қызметі егде жастағы науқастармен тығыз жұмыс істеу болғандықтан, өзі де қарттардың бірінен вирус жұқтырып алса керек. Қазір ол дертінен айықты. Жанар Әскербекқызы қазақстандықтарға карантиннің талабын сақтап, үйден шықпай, қолды жуып, тазалық сақтауды, әке-шешелеріміз бен балаларымызды қорғауға үлкен көңіл бөлуге кеңес береді.
Back to Top