Алматы облысының Панфилов ауданында сүт өндіріле бастады

Алматы облысының Панфилов ауданында сүт өндіріле бастады. Австриядан әкелінген швиц тұқымды 124 бас ірі қарадан күніне 1,5 тонна сүт сауылып, оңтүстік өңірдегі зауыттарға өткізіліп отыр. 2 мың сиырға арналған алып фермадағы айыр тұяқтылардың алды төлдеп жатыр Ірі қараның мұндай тұқымы табиғи климаттық жағдайға тез бейімделеді екен. Әрі етті және сүтті болып келеді. Майлылығы да жоғары. Шаруашылықтағылар орта есеппен алғанда әр сиырдан 25 литрден сүт алып отыр.
Back to Top