Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылы. Киелі мекен, туған жер. Мектебіме келіп өзім оқыған 12 кабинетке кірсем, мұғалім 7-ші сынып оқушыларына сабақ өтіп жатыр екен. Мен де өзім отырған партада отырып сабақ оқыдым. Балапандарға ағалық ақылыммен бөлістім. Мектептегі тентек кездерді еске алып бір күліп алдық. Апай жоқта екінші этаждан секіріп кететінбіз 😂😂 Сосын үзілісте оқушылар бәріміз доп ойнадық. Өйткені бүгін менде жетінші сынып оқушысымын.