Видео от Кзылтускаи Молодежь

14 желтоқсан күні Мәдениет үйінде «Жалынды жастар - Қазақстанның жарқын болашағы» атты форум өтті. Оған аудан әкімі Қайрат Пішенбаев қатысты. Аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жастар саясаты бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, ауданымыздың мерейін көтеріп, еліміздің Туын әлемдік додаларда желбіретіп жатқан жас буын өкілдеріне алғысын білдіріп, игі тілегін жеткізді. «Бүгін жастардан- біліктілік, белсенділік, жан-жақтылық талап етіледі. Өйткені біз ғылым мен білім дамыған заманда өмір сүріп келеміз. Қазіргі уақытта ақпарат бір жерде тұрмай, күн сайын, сағат сайын өзгеріп келеді. Сіздер сол күнделікті дамудан қалып қалмауларың керек»,- деді Қайрат Пішенбаев. Ауданның жастар саясатын дамытудағы еңбектері үшін Кішкенекөл №1 орта мектебінің «Қолқанат», Кішкенекөл №2 орта мектебінің «Парызым», Кішкенекөл қазақ- мектеп гимназиясының «Мирас», Ауылшаруашылық колледжінің «Аялы алақан» еріктілер клубтарының,«Қызылту» футбол клубы және «Khan Артспорт Кзылту» клубының жетекшілері марапатталды. Іс-шарада Жастар ресурстық орталығының директоры Бақыт Мұратбекқызы Жұмағұлова, Қорғаныс істер бөлімінің басшысы Рустам Мырзабекұлы Ахметов және түрлі салада еңбек етіп жатқан жастар сөз сөйледі.
Back to Top