Елбасы коронавирус жұқтырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды. Бұл ақпаратты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі кезде Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулады. Дегенмен, Айдос Үкібай “алаңдауға еш себеп жоқ, Елбасы жұмысын қашықтан жалғастыруда“ деді. Бұл жаңалықты естіген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыға қолдау білдірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев вирусты «жеңіл еңсеретініне» сенімін білдірген. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top