Астаң-кестеңі шыққан көшеде көліктер батпаққа батуда
Отырған жері Жетісу болса да, ішерге суы жоқ ауыл бар. Талдықорғанның түбіндегі Үйтас саяжайының үш жарым мыңнан аса халқы ауыз судың зардабын әбден тартып болды. Амалсыз тұзды, сор татқан құдықтың сасық сұйығын ішіп келеді. Былтыр әкімдік 1 миллиард бөліп, құбыр төсеген. Мердігер мекеме оны қалай болса солай көміп, көшелердің астаң-кестеңін шығарып кетіпті. Енді жаңбырлы күні ауыл түгел батпаққа батады. Көліктер тығылып, жаяу жүргіншілер белуардан балшық кешуге мәжбүр. Қайта-қайта өшетін жарықтың жырын айтсам, облыс орталығына тиіп тұрса да, өркениеттен қалып қойған айдаладағы бір ауылдың дастаны басталып кетеді.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
13 views
2
0
5 years ago 00:02:52 378
Астаң-кестеңі шыққан көшеде көліктер батпаққа батуда