Служить Родине. Проводы карагандинских призывников

Қарағандыда әскер қатарына шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті Патриотизм, Отан үшін қызмет ету – мемлекет дамуы үшін маңызды құндылықтар. Өз кезегінде, жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизм қағидаттарын насихаттау, әскери мамандықтар беделін, Қазақстан әскерінің имиджін көтеру жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Бүгін, 2016 жылдың 8 қарашасы күні Қарағанды қаласының «Мәңгілік алау» жауынгерлік даңқ мемориалында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен әскер қатарына шақырылушыларды салтанатты шығарып салу іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Ж. Құттыбай, «Астана» аймақтық әскери гарнизонының қолбасшысы С.Б. Камалетдинов, Ұлы Отан және тыл, ауған соғысының ардагерлері, облыс жастары қатысты. Шара барысында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселе
Back to Top