1916 жылы маусымның 25-інде Ресей патшасы ІІ Николайдың «Реквизициялау туралы» жарлығы шығып, Қазақстан, Орта Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 19 бен 43 жас аралығындағы 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу көзделді. Оның 240 мыңын қазақтан алынатын болды. Осы жарлыққа іле-шала қазақ даласы мен Орта Азияда жиырмасыншы ғасырдағы ең айтулы, жаппай көтерілістердің бірі басталды.
«Июнь жарлығынан» кейін дариядай толқыған қалың елді ақ патшаның зеңбірегін сүйретіп, от қаруын арқалаған жазалаушы әскері қоғадай жапырып, талап-тонады. Бала-шаға, шал-шауқан ат тұяғының астында қалды. Азаматын атты, асты. Сібірге де айдады, қара жұмысына да алды.
Арқаға тірелген қара мылтықтың күшімен жат ел, бөгде жұртқа еріксіз кетіп бара жатқан қазақ жігітінің осы бір әні артта қалған ата жұртқа дұғай сәлем болып жетті.
Әуелетіп басталатын осынау ащы әуен – қайда, неге және не үшін бара жатқанын түсіне алмаған қазақ жігітінің кеудесін жарып шыққан, өз тарихын өзі баяндайтын кең құлашты деректі ән.
(Асылхан Мамашұлының мақаласынан үзінді)
Самал тау,
Қайран елім, шалқар көлім,
Не болар солдат болып көрген күнім,
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір-жуып, кіндік кескен туған жерім...
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз,
Он бес кундей жүргенде,
Омбы жаққа таяумыз.
Жасым бар қос мүшелде - жылым сиыр.
Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр.
Самал тау,
Қайран елім, артта қалдың,
Адасқан өресінен біз бір үйір.
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз,
Он бес кундей жүргенде,
Омбы жаққа таяумыз.
Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді,
Осынау әнге салдырған,
Он алтының зары еді.
1 view
248
154
5 years ago 00:05:41 700
Фан-видео Самал тау
6 years ago 00:03:55 60
Самал тау. Бекболат Тілеухан
11 years ago 00:04:04 46
Самал тау, Samal tau. Ербол / Қытай Қазақтары
5 years ago 00:07:32 0
Толеген Нурислам Самал Тау
7 years ago 00:06:10 3
Арай Айдархан Самал тау əні
5 years ago 00:03:42 0
Арай Айдарханұлы Самал тау
4 years ago 00:04:54 9
Самал тау❤Димаш Кудайберген(фан-видео)
4 years ago 00:06:40 12
Димаш - Реакция иностранцев на “Самал Тау“ | Взгляд [SUB]
4 years ago 00:15:12 666
DIMASH | SCI | SAMAL TAU
3 years ago 00:02:56 34
Димаш исполнил казахскую народную песню “Самал тау“ в Китае и сразил зал