16 жастағы петропавлдық мектеп оқушысы Жансерік Досымов биыл шағын кәсібін бастады. Ол жарамсыз көлік доңғалақтарынан түрлі бұйым жасап сатады. Түскен ақшасын ұлттық бірыңғай тестке дайындайтын курсқа жаратып жүр. Оқушы болашақта өз шеберханасын ашуды армандайды.