ҰҚК қажеті үшін үйлерді бұзбақ. Тұрғындар қарсы

Алматы билігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратын салу үшін 39 пәтерді бұзбақ. Тұрғындар қарсылық білдіріп, сотқа жүгінуге тырысып жатыр. 68 жастағы зейнеткер Александр Ярош мәжбүрлеп пәтерден шығаруға наразылық білдіріп, бір аптаға жуық аштық жариялады. Алматы әкімдігі бұл наразылық акциясына әлі ешқандай реакция білдірген жоқ. Үй тұрғындары әкімдік «заңды бұзып отыр» деп санайды. Қала басшылары мұны жоққа шығарады.
Back to Top