Выпуск новостей о поисках погибшего Бакдаулета

Қалай құлап кеттің інім құдыққа?! Шықты сәби, мұз айдыңға, ойынға. Не болды екен, сол мезетте, ойыңда? Жүз метірдей, үйден ұзап кеткенде. Қандай сезім болып жаты бойыңда...? Көрмесемде, көргендейғып жазайын. Түсініңдер, қиын жағдай ағайын. Бала келет, сол құдыққа жақындап. Ол құдықты, көрдіңіздер талайың. Кенет түсті,құлап бала құдыққа. Түбінде су, жылы емес суықта. Кетіп жатты, не бір ойлар басыңнан. Өмір өтіп, ажал салды құрыққа. Қанша адам, іздеу салды өзіңе. Белуардан, қарды кешіп төзімде. Еріктілер, еңбек етті аянбай. Аман-есен табу үшін, өзіңе! Жарты қадам, шешіп кетті тағдырын. Түсініп ау отырсыздар барлығың... Жабылмаған бір құдықтың ауызы. Бір әулетің жұтып кетті жалғызын.... Бақытбек Қызырұлы ж.
Back to Top